Қоғам • 26 Мамыр, 2022

Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты басты сот процесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Сот отырысы Сарыарқа аудандық №2 сотында өтіп жатыр.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35