Оқиға • 25 Мамыр, 2022

Павлодарда 9 жастағы баланы көлік қағып кетті

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында 9 жастағы баланы көлік қағып кетті. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 9 жастағы баланы көлік қағып кетті

25 мамырда сағат 9:53-те полицияға Толстой көшесінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде тоғыз жастағы баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама түсті. Жүргізуші 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

- Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады патрульдік полиция батальонындағылар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2012 жылы туған балаға сол жақ білек буынының жарақаты диагнозы қойылған. Ол амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05