Оқиға • 03 Мамыр, 2022

Өскеменде 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 3 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.

«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды», деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметі.