Қазақстан • 17 Сәуір, 2022

Энергетика министрлігінің басшылығы Петропавл ЖЭО-ғо барды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 сәуірде Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің басшылығы Петропавл ЖЭО-ғо барды

Сапар барысында Энергетика министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) әкімдігінің өкілдері Петропавл ЖЭО-да болып, энергетикалық кешеннің қазіргі жағдайымен танысып, станцияны аралап шықты.

Жылу орталығын аралағаннан кейін министрлік, облыс әкімдігі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің және станция басшылығының қатысуымен Петропавл ЖЭО жұмысын қалыпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес аясында 2021 жылы жүргізілген күрделі жөндеу көлемдерінің, апаттық аялдамалардың өзекті мәселелері, ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына уақытылы, сапалы дайындық тәуекелдері талқыланды.

Энергетика министрлігі авариялық оқиғадан кейін техникалық жағдайға бағалау жүргізу үшін Петропавл ЖЭО-ға тәуелсіз сараптама комиссиясын жіберді, оның қорытындысы бойынша Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалыпына келтіру жөніндегі Жол картасы әзірленді.

Жол картасы ЖЭО-ны алдағы жылу беру маусымына уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландырудың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайтын 5 блокқа бөлінген.

Кеңес қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама мен талдау нәтижелерін ескере отырып, Энергетика министрі Болат Ақшолақов станция басшылығына алдағы жылыту маусымына ЖЭО-ны сапалы дайындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.