Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 13 сәуір күні халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын микроавтобуспен Павлодар қаласына Новосібірден әжесіне қонаққа келген. Академик Шөкин көшесіне келген кезде барлық қажет ақпарат сақталған ұялы телефонын көлікте қалдырғанын білген.
«Мен Қазақстанға жаңа ғана келген РФ азаматшасы болғандықтан, Қазақстан валютасы болған жоқ, сондықтан таксиге де ақша төлей алмадым. Шарасыздықтан жылап жібердім. Осы уақытта маған дәріханадан шыққан бір жігіт жақындады. Одан полицияны шақыруды өтіндім, жас жігіт мені сабырға шақырып, өзін Асылбек есімді полиция қызметкері ретінде таныстырды. Әрі қарай көлігіне отырғызып, телефоным қалып қойған микроавтобусты іздеуге шықтық. Шағын автобус қала сыртында тоқтатылды. Автобус жүргізушісі ұялы телефонның салонда қалғанын байқамаған екен. Әрине, менің тасымалдаушыға ешқандай шағымым жоқ», деп жазды Полина Марухина.
Телефонды қайтарғаннан кейін полиция қызметкері оны ауыр сөмкелерімен үйге дейін жеткізіп салған.
«Құрметті Марат Мұратұлы! Осындай айбынды қызметкерлерді тәрбиелегеніңіз үшін, павлодарлық полицейлердің кәсібилігі үшін алғыс айтқым келеді. Аға лейтенант Асылбек Мұхтизаровқа алғысым зор», деп жазады Ресей Федерациясының азаматшасы.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атына Ресей Федерациясының азаматшасы Полина Марухинадан Алғыс хат түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:50
Қазақстанда ESG күн тәртібін жүйелі қалыптастыру қажет - Мәулен Әшімбаев
Сенат • Бүгін, 17:40
Маңғыстау облысында ҰҚКД жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:37
Өзбекстаннан келген Аман Қонысбеков бұрынғы командаласынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 17:31
Медициналық қызмет көрсету тетіктерін түбегейлі қайта қарау керек - Н.Жүсіп
Медицина • Бүгін, 17:10
Көші-қон саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған - сенатор
Сенат • Бүгін, 17:03