Елорда • 15 Сәуір, 2022

Астанада велопрокат бойынша 155 станция іске қосылды

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Астанада велопрокат бойынша 155 станция іске қосылды

Барлығы 155 велостанцияда 1 мыңнан астам велосипед орналастырылған. Велошеринг қызметін пайдалану үшін www.velobike.kz сайтында онлайн тіркеуден өтіп, абонемент сатып алу қажет.

Абонементті сондай-ақ City Transportation Systems компаниясының кассаларынан алуға болады. Екі дөңгелекті көлікті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.

Велопрокатқа тарифтер өткен жылғы бағамен қалды:

Стандартты абонементтер:

айлық абонемент – 2 500 теңге;

- тоқсандық абонемент – 6 000 теңге;

- маусымдық абонемент – 10 000 теңге.

 

Жеңілдікті абонементтер:

- тоқсандық абонемент – 3 000 теңге;

- маусымдық абонемент – 5 000 теңге.

 

Велосипедті 30 минутқа дейін тегін пайдалануға болады.

Осы уақыттан асқаннан кейін жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:

– 0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған;

– 31-ден 60 минутқа дейін – 100 теңге;

- 61-ден 120 минутқа дейін – 250 теңге;

- 121-ден 180 минутқа дейін – 500 теңге;

181 минуттан бастап және әрбір келесі сағат – 1 000 теңге.

 

Тәуліктік абонементтер:

- 1 тәуліктік абонемент – 3 500 теңге;

- 3 тәуліктік абонемент – 9 000 теңге;

- 7 тәуліктік абонемент – 17 500 теңге.

 

Велопрокат сервисі бойынша консультация алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірыңғай байланыс орталығына (iKOMEK-109) қоңырау шалып немесе CTS компаниясының Instagram @cts_kz және Facebook @CityTransportationSystems әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жазуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35