Елорда • 15 Сәуір, 2022

Елордада жылу қашан өшіріледі?

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордаға жылы күндер келгеніне қарамастан, қалада жылу әлі өшірілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жылу қашан өшіріледі?

«Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°C және одан жоғары болған кезде күнтізбелік бес күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органының жылыту маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады», дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, былтыр елордада жылыту жүйесі 29 сәуірде өшірілген еді.