Қазақстан • 14 Сәуір, 2022

Қаржы пирамидасын құрғандар қатаң жазаланады

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас прокуратура қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы пирамидасын құрғандар қатаң жазаланады

Атап айтқанда, заң жобасына келесі түзетулер енгізілген:

  • Алаяқтық, қаржы пирамидаларын құру, монополистік қызмет, экономикалық контрабанда, кедендік баждарды төлеуден жалтару, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және қорғау ережелерін бұзу, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
  • ҚАЖ мекемелерінде, тергеу изоляторларында, УҰИ-да ұсталатын адамдардың ұялы байланыс құралдарын заңсыз бергені және пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу;
  • Жазаның жекелеген түрлерін тағайындау және орындау тәртібін жетілдіру (қылмыстық қамауға алу ұғымын оны өтеу шарттарын жеңілдете отырып түзету);
  • ҚІБ мәселелері бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссиялар құру;
  • Соттардан бірқатар өкілеттіктерді прокуратура органдарына бере отырып, жекелеген іс жүргізу және тергеу әрекеттерін санкциялау тәртібін жетілдіру;
  • Қорғау тарапына қорғау актісі түрінде сотқа шоғырландырылған іс жүргізу құжатын беру құқығын беру;
  • Тергеу әрекеттерін бейнетіркеудің іс жүргізу маңыздылығын кеңейту;
  • Сотталғандармен ынтымақтастық туралы процестік келісім институтын жетілдіру;
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары мен рәсімдерін, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы шығаратын процестік шешімдердің санын қысқарта отырып оңтайландыру.

Бұл үшін Бюджет кодексіне, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Қылмыстық-атқару кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарға түзетулер енгізу қажет.

Заң жобасы жария талқылау үшін 28 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.