Елорда • 14 Сәуір, 2022

Елордада бұзақылық деректері азайды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстарды тіркеу 7,8%-ға төмендеді, кісі өлтіру, тонау, зорлау, бұзақылық аз жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бұзақылық деректері азайды

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, көшедегі және қайталанатын қылмыс та бәсеңдеген. Барлық кісі өлтіру, қарақшылық, адам өлімімен аяқталған ауыр дене жарақаттары, автокөлік ұрлығы ашылды. Есірткіні жарнамалау, өткізу және елорда арқылы тасымалдау фактілерін анықтауға баса назар аударылған.

«Синтетикалық есірткі түрлерімен байланысты 38 қылмыс анықталды, 26 килограмнан астам синтетика тәркіленді, 3 есірткі зертханасы қызметінің жолы кесілді және 49 есірткі сайттары бұғатталды. Барлығы 176 есірткі қылмысы анықталды», деп атап өтті ведомство басшысы Марат Төлебаев.

Ол полиция қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сервистік модельге көшу жайын әңгімеледі. Алматы және Сарыарқа аудандарында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобалары іске асуда. Пилоттық жобалар іске қосылғалы бері учаскелік инспекторларды тану деңгейі 3 есеге жуық өскен.

«Жұртқа жақын полицей» қағидаты жұмысқа енгізілуде, бұл қоғамдық орындарда қызметкерлердің тұрақты түрде болуын қамтамасыз етеді. Өткен жылы қала бойынша модульдік типтегі 10 стационарлық полиция бекеті орнатылған. Адамдар көп жиналатын жерлерде дабыл сигналын беру және полицияны шұғыл шақыру үшін 13 «SOS» батырмасы орнатылған.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, елордада жол қауіпсіздігі жөніндегі кешенді жоспар іске асуда. Қала жолдарында қосымша бағдаршамдар, жобаланған жаяу жүргіншілер өткелі салынды, жарықтандырылды, қозғалыс бағытын үйлестіретін жол белгілері орнатылды. Нәтижесінде жолдардағы өлім деңгейі төмендеді», деді М. Төлебаев.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35