Қазақстан • 13 Сәуір, 2022

Қазақстанда интернеттің істемей қалу себебі айтылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақтелекомның» баспасөз қызметі кей өңірлерде интернеттің істемей қалу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда интернеттің істемей қалу себебі айтылды

«Google DNS сервері бағытында қысқа мерзімді жүктеуге байланысты осы серверлердің жұмыс істеуінде біраз қиындықтар туындады. Трафик теңдестірілді, Интернеттегі ақау аз уақыт ішінде шешілді. Клиенттерге шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз»,  деп түсіндірді компания өкілі.