Әлем • 11 Сәуір, 2022

Еуроодақ ресейлік авиакомпанияларды қара тізімге енгізді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық комиссия 21 ресейлік авиакомпанияны қара тізімге қосты. Аталған тізімдегі авиакомпаниялар Еуропаның 27 елінде қызметін тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуроодақ ресейлік авиакомпанияларды қара тізімге енгізді

Еуропалық комиссия жариялаған хабарламада бұл шешім авиакомпаниялардың халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданғаны айтылған.

«Ресейдің Федералды әуе көлігі агенттігі ресейлік авиакомпанияларға шетелдіктерге тиесілі жүздеген ұшақтарды тиісті куәліксіз ұшырған. Яғни, ресейлік авиакомпаниялар халықаралық қауіпсіздік стандарттарын әдейі бұзған. Бұл қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді», деді Көлік комиссары Адина Валеан.

Оның айтуынша, Еуропа аумағында ұшуға тыйым салу туралы шешім Мәскеуге Украинаға басып кіргені үшін қолданған тағы бір санкция емес, тек техникалық және қауіпсіздік тұрғысынан қабылданған шара.