Елорда • 06 Сәуір, 2022

Автобус жүргізушілерінің жол ережесін жиі бұзатыны анықталды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада маршруттық автобус жүргізушілері бір күнде 50-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус жүргізушілерінің жол ережесін жиі бұзатыны анықталды

Елорда жолдарында апатты жағдайларды азайту мақсатында, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу мақсатында 6 сәуірден бастап қала аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Бейнебақылау камералары арқылы маршруттық автобус жүргізушілері 50-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. Тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін патрульдік нарядтар соңғы аялдамаларға жіберіледі. 

Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертіп, мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өту кезінде өте мұқият болуды еске салады.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше