 
                                        Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвилл ТК) мекенжайындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынатын болды.
Бұдан басқа, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында «Хайвил» ТК-ге қарама-қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.
Ақбұлақ ықшам ауданында Қ.Жалайыри көшесінде «Iconic» ТК құрылысы тоқтатылды. Мастер-жоспар бойынша бұл орын абаттандырылып, гүлзар ашылады.
Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылы жанында – №9 емхана мен №77 мектеп-гимназиясы арасындағы учаскеде жоспар бойынша серуендеуге және демалуға арналған қоғамдық кеңістік (гүлзар) салынады.
Күмісбеков көшесі, 9 мекенжайында 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен гүлзар салынады.
М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшелерінің квадратында ТК орнына сквер салынады.
Сонымен қатар Бас прокуратура мен Jysan Bank арасында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына тағы бір мектеп салынады.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                