Әлем • 03 Сәуір, 2022

Бакуде жарылыс болып, 31 адам зардап шекті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 сәуір түнде Әзербайжан астанасы Бакудегі түнгі клубтардың бірінде жарылыс болды.Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 31 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz  Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Бакуде жарылыс болып, 31 адам зардап шекті

«Қазіргі уақытта елдің тиісті ведомстволарының қызметкерлері оқиға орнында жүр. Әзербайжан прокуратураның тергеушілері мен криминалистері қажетті тергеу әрекеттерін жасап жатыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 31 адам түрлі дене жарақаттарын алды», делінген агенттік хабарламасында.