Әлем • 30 Наурыз, 2022

Өзбекстан мен Түркия Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Өзбекстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Egemen.kz Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өзбекстан мен Түркия Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Куксарой резиденциясында Шавкат Мирзиёев пен Режеп Тайып Ердоғанның шағын құрамдағы келіссөздері өтті.

Екі ел басшылары өзара сыйластық, достық және сенімге негізделген көп қырлы өзбек-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарының деңгейін көтеру, саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелеріне басты назар аударылды.

Шавкат Мирзиёев пен Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейту екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025