Елорда • 30 Наурыз, 2022

Елорда маңына қатынайтын барлық автобустар тоқтатылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерге баратын барлық жолаушылар автобусының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Елорда маңына қатынайтын барлық автобустар тоқтатылды

фото: inbusiness.kz

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, жолдың нашар көрінуі) қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы тоқтатылды», деді компаниядан.

Еске сала кетейік, кеше сағат 19:00-ден бастап елордада боран, екпінді жел, қалың қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған болатын.

Қала бойынша аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаменті астанадан шығатын республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолды жапты, жедел штаб құрып, шұғыл телефон желісін ашты.

Сондай-ақ ауа райының бұзылуына байланысты кеше кешке Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Түнде әуе айлағы қалыпты жұмысына кірісті.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025