Оқиға • 28 Наурыз, 2022

Таразда 12 жасар баланың үстіне ағаш құлаған

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда жойқын желдің салдарынан, анасымен бірге автобус күтіп тұрған 12 жасар баланың үстіне ағаш құлап кеткен. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда 12 жасар баланың үстіне ағаш құлаған

Жамбыл облысы ІІД мәліметінше, кеше сағат 13:30 шамасында полицейлерге Төле би даңғылының бойында орналасқан «Арбат» саябағының аялдамасы маңында анасымен бірге автобус күтіп тұрған 12 жасар баланы желдің екпінінен құлаған ағаштың басып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.