Хоккей • 25 Наурыз, 2022

Қазақстанның қарсыласы – Франция

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мамыр айын­да Фин­лян­дияның Хельсинки және Там­пе­ре қалаларында жалауы жел­бі­рей­тін 85-ші әлем чем­пио­на­тының бағдарламасына аздаған өзгеріс ен­гіз­генін мәлімдеді.

Қазақстанның қарсыласы – Франция

Атап айтқанда, IIHF әлем біріншілігінің А және В тобында орналасқан Ресей мен Беларусь құрамаларын саяси жағдайға байланысты жарыстан ресми түрде шеттетіп, аталған екі елдің орнына Франция және Аустрия хоккейшілерін біріншілікке қа­тыстыратын болды. Ал басқа ережелер өз күшінде қалды. Яғни чемпионат қо­рытындысы бойынша екі топта соңғы орын алған екі команда әдеттегідей IA дивизионына түседі.

Осылайша, әлем чемпионатының А тобында Қазақстан құрамасы Канада, Гер­мания, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командаларымен ойнайтын болды. Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Аустрия құрамалары өнер көрсетеді.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден ере­сектер арасындағы әлем чемпионаты ма­мырдың 13-29 аралығында Финляндияның «Хартвалл-арена» және «Нокиа Арена» мұзайдындарында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35