Әлем • 22 Наурыз, 2022

Қытайдағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болмағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

«Алдын ала мәлімет бойынша аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің адаматтары болмаған», делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Еске сала кетсек, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.

Ұшақ бортында 132 адам, атап айтқанда 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.