Аймақтар • 11 Наурыз, 2022

Талдықорғанда су жаңа жолаушылар автобусы өртеніп кетті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдықорғанда су жаңа жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Ведомствоның мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 06.30-да автобустың өртенгені туралы хабар түскен. Көлікте жолаушылар болмаған. Өрт таңғы сағат 06:44-те сөндірілді.

р

 «Өрт аспаптар панеліндегі қысқа тұйықталудың кесірінен тұтанған болуы мүмкін» деп болжам жасады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.