Парламент • 11 Наурыз, 2022

Президент 16 наурызда саяси реформаларды жариялайды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент 16 наурызда саяси реформаларды жариялайды

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа жолдауын жасайтынын айтқан еді. Жолдауда жаңа саяси реформалар туралы, Қазақстанның алдағы даму жоспарлары қамтылмақ.