Үкімет • 10 Наурыз, 2022

Мұнай-газ саласына қажетті тауарлар өзімізде өндіріледі

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай-газ саласына қажетті тауарлар өзімізде өндіріледі

«Біріншіден - мұнай саласына қажетті жаңа өндірістерді, оның ішінде Шевронның тікелей инвестициялар қорынан қаржыландыру тетігі арқылы оқшаулау. 2021 жылы сәуірде Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылды. Бұл 3 ірі оператордың мұқтаждығы үшін таураларды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге және жетізуге жергілікті тауар өндірушілердегі, сервистік компаниялардағы бар олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Осы жылы өндіріс үш тауар тобы бойынша жұмыстар басталады: тиек арматурасы, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика (БӨАжА) және электр техникалық жабдық. Бүгінгі таңда орталық осы үш тауар тобына мамандандырылған 60-қа жуық өндірушіні анықтады. Олардың ішінде еліміздің 13 өңіріндегі 50 кәсіпорын бар», деді ол.

Министрдің айтуынша, синергия және оқшаулау әлеуетін анықтау үшін 35 мыңнан астам тауар талданды. Оның ішінде 19 тауар түрі жақын болашақта операторлар неғұрлым талап ететін тауарлар ретінде айқындалды. Бүгінде 4 өндірушімен келісім жасалады.

«Технологиялар трансферті және тауарлар өндірісін оқшаулау жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Бұл шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Осындай бастамалардың арқасында біз мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндіру жүйесін құруды жоспарлап отырмыз», деді Болат Ақшолақов.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше