Теннис • 09 Наурыз, 2022

Алан Құрманғалиев екі медаль еншіледі

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катарда үстел теннисінен WTA YouthStar Contender жасөспірімдер турнирі өтуде. Турнирге қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев те өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алан Құрманғалиев екі медаль еншіледі

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша жас қазақстандық спортшы үстел теннисінен WTT Youth Star Contender жасөспірімдер турнирінде екі күміс медаль жеңіп алды.

Жеке есепте ол Мохаммед Аль-Салуатиді (Катар) 3:0 есебімен, Юссеф Айдлиді (Тунис) 3:0 есебімен, Джулиан Рзихаушекті (Австрия) 3:1 есебімен, Ян Величковты (Болгария) 3:1 есебімен, ал финалда Тамито Ватанабені (Жапония) 1:3 есебімен жеңді.

Жұптық сында Құрманғалиев Юссеф Айдлимен (Тунис) бірге жарыстың екінші «күмісін» жеңіп алды.