Қазақстан • 02 Наурыз, 2022

«Jas Otan» атауын өзгерте ме

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan» париясының атауы «AMANAT» болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Jas Otan» атауын өзгерте ме

«Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan»-ның кезектен тыс өткен съезінде партия атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтылып, Мемлекет басшысы - партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы «AMANAT» болып өзгеруін қолдады. Бұл жай ғана атаудың өзгеруі емес, толықтай жұмыстың жаңаруы, жаңғыруы деп білемін. Ал «Jas Otan»-ға келер болсақ, осыған байланысты бізге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі ұсыныстар түсуде. Бес саусақ бірдей емес қой, сол сияқты жасотандықтардың бір бөлігі атын ауыстырайық десе, екіншісі бұрынғы атау қалсын деген пікірде. Жастардың пікірі біз үшін маңызды. Сондықтан, барлық ұсыныстармен түбегейлі таныса келе нақты шешімге келетін боламыз. Бұл туралы алдағы уақытта өтетін «Jas Otan»-ның форумында жариялаймыз деп жоспарлап отырмыз», деді «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы.