Аймақтар • 26 Ақпан, 2022

Тараздағы атыстан кейін екі адам ауруханаға түсті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 ақпанға қараған түні белгісіз адамдар арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздағы атыстан кейін екі адам ауруханаға түсті

Қақтығыс Тараз қаласындағы Абай даңғылында орналасқан «Discovery» дәмханасының жанында болған. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атыс кезінде екі адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.