Тағайындау • 24 Ақпан, 2022

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Йорк университетінде білім алған. Мамандығы -  «Экономика және қаржы».

Еңбек өтілі:

  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы (2009-2010);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ менеджері (2010-2013);
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (2013-2014);
  • Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2014-2016);
  • Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (10.2016-2019);
  • «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2020);
  • ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (2020 жылдан бастап).