Тағайындау • 24 Ақпан, 2022

Шавкат Өтемісов ҚР ОСК жаңа мүшесі атанды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар Ортсайлаукомның бұрынғы мүшесі Серік Сыдықовтың қызметіне экс-мәжілісмен Шавкат Өтемісовті сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Өтемісов ҚР ОСК жаңа мүшесі атанды

«Конституциялық нормаларға сәйкес ОСК мүшесі лауазымына кандидатураны Палатаның Төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып, ОСК мүшесі лауазымына Шавкат Өтемісовтың кандидатурасын ұсынамын. Еңбек жолын ауыл мектебінің мұғалімі болып бастады, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар Мәжіліс депутаты болған, заң шығару процесіне белсенді қатысқан. Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеген. Шавкат Өтемісовтің біліктілігі, мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі ОСК жұмысына жаңа серпін беретініне сенімдімін», деді ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев.