Әлем • 23 Ақпан, 2022

Армения ДХР мен ЛХР-ді мойындамайды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения Донецк және Луганск халық республикаларын мойындамайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армения ДХР мен ЛХР-ді мойындамайды

Бұл туралы Армения СІМ баспасөз хатшысы Ваан Унанян мәлімдеді.

«Мұндай мәселе күн тәртібінде жоқ», деді ол.

Ваан Унанян, Ресей мен Украинаның арасындағы қазіргі мәселелер халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары және БҰҰ Жарғысы негізінде дипломатиялық диалог пен келіссөздер арқылы шешілгенін қалайтынын атап өтті.

«Шиеленісті азайту және жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін қажетті қадамдар жасалады деп үміттенеміз», деп түйіндеді сөзін Арменияның СІМ өкілі.

Бұған дейін Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володин Ресейдің Донбастағы шешімін Куба, Венесуэла және Никарагуа қолдағанын, ал егер басқа елдер қолдамаса, онда бұл істің соңы нашар аяқталатынын айтқан еді.


Тоғанбек Аяна,
ЕҰУ студенті