
«Сауль «Канело» Альварес екеуін де жеңеді. Дмитрий Бивол деңгейі жоғары кәсіпқой боксшы екені мәлім. Денесі де ірі. Алайда оның техникалық шеберлігі «Канелоға» сай емес. Геннадий Головкин сәуір айында 40 жасқа толады. Ол Альвареспен ертерек кездесуі керек еді. Дәл қазір мүмкіндігі жоқ десе те болады. Әрине, кәсіпқой бокста бәрі мүмкін. Әйткенмен, Альварес мықты», дейді ол.