Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Сенатор «Самұрық-Қазынаға» еншілес компанияның жұмысын сынға алды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Әлімжан Құртаев Палата отырысында депутаттық сауалында дұрыс ұйымдастырылған тәсіл қолданылатын болса, химия өнеркәсібі Қазақстан экономикасын дамытудың драйверіне айналуы мүмкін деген пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор «Самұрық-Қазынаға» еншілес компанияның жұмысын сынға алды

Сенатор химия саласындағы жобаларды басқару тиімділігінің төмен деңгейін атап, өз дәлелдерін нақты фактілермен бекітті.

Мәселен, 2009 жылы «Самұрық-Қазына» Қоры «Біріккен химиялық компания» ЖШС құрды. Оның қызметінің негізгі мақсаты - капиталға қатысу арқылы Қазақстанда жаңа химия өндірістерінің дамуына жәрдемдесу. Бұл компанияның жұмысы үшін қомақты қаржы бөлінді, оның басым бөлігі - Ұлттық қордан жұмсалды.

Алайда, сенатор атап өткендей, осы ЖШС қызметінің барлық кезеңінде жоспарланған 21 жобаның тек 6 жобасы ғана іске асырылды, бірақ олар да толық көлемде жұмыс істемейді.

«Химия саласындағы жобаларды басқару тиімділігі төмен деңгейде. Бұл салада тиісті мемлекеттік органдармен үйлестіру шаралары мен жүйелі жұмыс жоқ. Бүгін химия өнеркәсібіне терең, сапалы талдау жасап, нақты бағыттарды анықтайтын уақыт келді. Осы саладағы барлық инвестициялық жобалар мұқият іріктелуі тиіс», деді Әлімжан Құртаев.

Депутат «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің одан әрі жұмыс істеуінің орындылығын қарастыруды және осы саладағы уәкілетті органдардың, ғылыми мекемелер мен қауымдастықтардың қатысуымен химия саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды.