Тағайындау • 10 Ақпан, 2022

Маңғыстау облысының бас полицейі тағайындалды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының бас полицейі тағайындалды

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды. Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі лауазымында жұмыс істей бастады.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы Департаменттің бастығы қызметін атқарды.

2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Жаңа лауазымына дейін ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.