Оқиға • 08 Ақпан, 2022

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте өңір бойынша 8 өрт шыққан. «Өскемендегі Чехов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде тоңазытқыш өртенді. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар подъезден 27 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Өрттің шығуына – тоңазытқыштың апаттық режимі себеп болған», делінген ақпаратта.

Семей қаласындағы жер үйде еденнің ағаш құрылымдары, жеке заттар мен жиһаз жанды. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 20 шаршы метрді құраған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – пешті орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

«Үржар ауданындағы шаруа қожалығында 2 үйдің шатыры, жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттарды жалын шарпыған. Оттың жалпы ауданы 100 шаршы метрге жетті. Сондай-ақ Алтай ауданында азық-түлік дүкеніне жапсарлас салынған гаражда 1997 жылғы «Toyota Hiace» маркалы автокөлік жанған. Өрттің шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болды. Дәл осындай себеппен Жарма ауданындағы тасжолда «КамАЗ» өртенді», делінген мәліметте.