«Құқық қорғау саласында «қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі мен құқықтық қорғалу дәрежесі артатын болады», деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарын өрт, жедел-құтқару және мамандандырылған техника мен жабдықтармен жарақтандыру күшейтіледі. Жаңадан құрылатын өртке қарсы инфрақұрылым объектілері мен суда құтқару станцияларының штат саны ұлғаяды.
«Халықты табиғи төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету үшін қорғаныс құрылыстары мен сел ұстайтын бөгеттер салынады, сондай-ақ өзен арналарын тазарту көзделеді», деп қосты Әлихан Смайылов.