Әлем • 06 Ақпан, 2022

Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 5 ақпанында Ресей Қорғаныс министрлігінің Плесецк ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әуе-ғарыш күштері ғарыш әскерлерінің жауынгерлік есебі сәтті іске қосылды, ғарыш аппаратын есептік орбитаға шығару штаттық режимде өтті.

Мақсатты орбитаға шыққаннан кейін спутник ВКС ғарыш күштерінің жер үсті құралдарын басқаруға қабылданды. Ғарыш аппаратымен тұрақты телеметриялық байланыс орнатылған, оның борттық жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді. Ғарыш аппаратына «Космос-2553» реттік нөмірі берілген.

«Космос-2553» технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр зарядталған бөлшектердің әсер ету жағдайында оларды өңдеуге арналған жаңадан жасалған борттық аспаптармен және жүйелермен жабдықталған.

Бұл ұшыру 2022 жылы Ресейдің ғарыштық ұшыру бағдарламасын бастады. Байқоңырдан алғашқы ұшыру 2022 жылдың 15 ақпанына жоспарланған.