Қазақстан • 02 Ақпан, 2022

155 млн теңге жалақы алып жүрген басшы қызметтен неге бас тартты?

2166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021-жылдың 7-желтоқсанында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс лауазымынан өз еркімен кететінін мәлімдеген, деп жазады Egemen.kz.

155 млн теңге жалақы алып жүрген басшы қызметтен неге бас тартты?

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Орталық хатшылығында (ICAO) жұмыс істеген алғашқы және әзірге жалғыз қазақ Абыл Кекілбаев бас директордың қызметтен неліктен кетіп жатқаны туралы айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан 2023-жылғы ICAO тексерісінен өтпей қалуы мүмкін.

«Біріншіден, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігін» қаржыландыруда үлкен мәселе туындады. Екіншіден, Қазақстан 2023-жылғы тексерісінен өтпей қалуы мүмкін. Қауіптің басы қылтиған соң Питер Гриффитс та өз пайдасы үшін тиімді шешім қабылдаған сияқты. Әйтпесе, жылына 155 млн теңге жалақы алып отырған орыннан бас тартпас еді ғой. Ол Қазақстанда екі жылдан аса уақыт қызмет етті. Осы аралықта өзінің шамасы қанша жерге жететінін де түсінді-ау деймін», деді ол.