Аймақтар • 01 Ақпан, 2022

Көкшетау қаласының екі тұрғынынан есірткі заттары табылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласының екі тұрғынынан құрамында есірткі заттары бар дәрілік препараттар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының екі тұрғынынан есірткі заттары табылды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қалалық базар ауданында күдік тудырған облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын тоқтатты, тінту барысында героиннің синтетикалық опиаты болып табылатын дәрілік препараттың 10 таблеткасы тәркіленді.

Сол күні Көкшетау қаласында осы дәрінің тағы бір әуесқойы, 25 жастағы тұрғын ұсталды, одан да 10 таблетка тәркіленді.

Ұсталғандардың екеуі де полицейлерге есірткіні тұрғылықты жері бойынша кіреберістерден тапқандарын түсіндірді.

Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.