Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022

Ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді - ҚР ИИДМ

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қандай елдермен әуе қатынасы толықтай қалпына келтірілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді - ҚР ИИДМ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

Ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр.

Айта кетсек, ТЖ кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Сондай-ақ, халықаралық рейстер де қалпына келтірілгені хабарланды.

Бір апта ішінде 25 елмен, атап айтқанда: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Катар, Корея, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Шри Ланкаға 257 халықаралық рейс орындалып келеді.

«Қазақстанда халықаралық әуе рейстері толық дерлік қалпына келтірілді. Елімізге немесе елімізден ұшатын отандық және шетелдік әуе компаниялары өз қызметін жалғастыруда. Олар әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады», делінген Министрлік хабарламасында.