Оқиға • 23 Қаңтар, 2022

Мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев өмірден озды

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Алматы облысы мен Алматы қаласында лауазымды қызметтер атқарған Кеңес Аухадиев 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев өмірден озды

Ол 1938 жылдың 23 желтоқсанында Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында туған.

1957 жылы Сарыөзек орта мектебін бітірген соң Талдықорған ауылшаруашылығы техникумында, Қазақ ауылшаруашылығы институтында оқыған.

Панфилов ауданында трактор-егіс бригадасының жетекшісі болып алғашқы еңбек жолын бастаған.

Кейіннен Панфилов ауданы комсо­мол комитетінің бірінші хатшылығына сайланды.

1966-75 жылдары аралығында Қазақстанның ЛКЖО аппараты, Алматы облысы комсомол комитеті сияқты ұйымдарда лауазымды қызметтер атқарды.

1971-75 жылдары Совет ауданы партия комитетін (Алматы қаласы), Ал­маты калалық атқару комитетін басқарды.

Кейін Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы (1978-85) болды.

1985 жылдан республикалық «Главриссовхозстрой» жүйесінде жұмыс істеді. 1975-78 жылдары Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінде, 1985 жылдан Су шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген.