Оқиға • 21 Қаңтар, 2022

Шымкентте екі қылмыскер ұсталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте екі қылмыскер ұсталды

17 қаңтарда Абай ауданының Полиция басқармасына «1 мамыр» көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіт 28 жастағы әйел адам екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30