Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022

Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп, көз жұмды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суға батқан адамның денесін екі құтқарушы алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп, көз жұмды

Бұл туралы Pavlodarnews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама  түскен.

18 қаңтарда Шідерті кентінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналда, автомобиль көпірі ауданында 1983 жылы туған азамат батып кетті. 

Куәгердің айтуынша ол балық аулау үшін мұзбен каналдың ортасына қарай бет алған.

«Куәгер редукторын ретке келтірмек болып бұрыла бергенде ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Куәгер дереу 112 нөміріне хабар берді», дейді департаментте.

Оқиға орнына құтқарушылар мен ТЖБ қызметкерлері шықты.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025