Қаржы • 11 Қаңтар, 2022

Президент: Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр

2991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысы кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр

«Қаржы жүйесінің тұрақтылығы экономиканы одан ары дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан тұтыну несиелері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті несиелеу көлемінен асып кетті. Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр. Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қауіпін тудыруы мүмкін. Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ, бұл тығырықтан шығаратын жол емес. Ең алдымен шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен пруденциалды реттеу тетіктері арқылы нақты шешім қабылдауды тапсырамын»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025