Президент • 11 Қаңтар, 2022

Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек – Президент

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек – Президент

«Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет.

Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек», деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.