Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2021

Демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді?

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімдігінде демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді?

«Жаңа жылды мерекелеуге байланысты 2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 06:00-ден таңғы 09:00-ге дейін қоғамдық көліктің шығуы мерекелік күннің жоспарлы шығуынан 50%-бен жүзеге асырылады, ал сол күні таңғы 9-дан бастап - жұмыс мерекелік күннің кестесі бойынша әдеттегі режимде жалғасатын болады. 2022 жылғы 2, 3, 4 қаңтарда шығу мерекелік күн кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады», деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасынан.

Сондай-ақ метро сағат 00:00-ге дейін жүреді, ал екі түнгі автобус (№3 маршрут) 47 минут аралықпен жүреді.