Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолындағы көлік апатынан әйел көз жұмды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолындағы көлік апатынан әйел көз жұмды

Апат болған жерде түсірілген бейнебаян Instagram-да жарияланды. 

Елордалық полиция департаменті жол апаты 09:42-де орын алғанын хабарлады.

«Toyota Yaris маркалы автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолымен жүріп, басқаруды игере алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол мезетте оған қарсы бағытта келе жатқан VECO Crossway маркалы маршруттық автобусымен бетпе-бет соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota маркалы көліктің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ», деп түсіндірді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.