Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021

Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада аяқталды

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.


 

Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада аяқталды

Алматы қаласының спорт басқармасында мәлім еткендей, желтоқсан айының 4-27 аралығында өткен V Қысқы республикалық спартакиададаның қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетті (5795,4 ұпай). Екінші орынды ШҚО командасы алды (5664 ұпай). Үшінші орын Ақмола облысының спортшыларына бұйырды (2593 ұпай).

Алматылық атлеттер 6 алтын және 5 күміс медаль иеленді. Жүлдегерлер кубоктар, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Спартакиаданың аяқталу рәсімі бүгін «Almaty Arena» мұз айдынында өтті.

Еске сала кетейік, Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада 21 желтоқсанда салтанатты түрде ашылған еді. Қысқы спорт ойындарына еліміздің ең мықты спортшылары: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), тау шаңғысы спорты, аралас шаңғы, шаңғымен секіру, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика спорт түрлері бойынша сынға түсті.



 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше