Әлем • 26 Желтоқсан, 2021

Башқұртстанда боран салдарын 22 көлік соқтығысты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Башқұртстан республикалық мемлекеттік автоинспекция баспасөз қызметінің жедел мәліметтері бойынша, 26 желтоқсанда Кармаскалин ауданында Уфа-Орынбор автожолының 47 шақырымында 22 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Башқұртстанда боран салдарын 22 көлік соқтығысты

Бұл туралы Башинформ сайты жазады.

Апаттан бір адам қаза тапқан.

«Ауруханаға бес адам жеткізілді. Қазір оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер жан-жақты көмек көрсетуде. Уфа бағытында қозғалыс жабылды, қарсы жолақ арқылы айналма жол ұйымдастырылды», деп хабарлады БР жол полициясы.

БР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат болған жерде жол полициясының үш экипажы, сондай-ақ «Дортрансстрой» ЖШС-нің үш арнайы техникасы және Ресей ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, ТЖ жөніндегі республикалық мемкомитет жүргізушілерге ауа райы тұрақтанғанға дейін Туймазин ауданына барудан бас тартуды ұсынды.

26 желтоқсан күні таңертең М5 тас жолында 33 жеңіл және жүк көліктері қар құрсауында қалды. Серафимовский және Николаевка елді мекендерінің учаскесіндегі қар жауған жолдың салдарынан олардың барлығы қозғалысты жалғастыра алмады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025