Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2021

БҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты тағы бір республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 26 желтоқсан күні сағат 11.10-нан бастап республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолында (0-144 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Жабылу себебі - қатты боран.

Қазіргі кезде облыс бойынша республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы, Самара-Шымкент (Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін), сондай-ақ облыстық Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, Үлкен Шаған-Переметный жолдары жабық.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша жолда қалған автокөліктерден бірнеше адам құтқарылды.

Орал қаласының өзінде боран соғып тұр.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025