Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2021

Түркістан облысының оқу орындарында мерекелік кешке тыйым салынды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында ASHYQ жобасына қатыспайтын объектілерде мерекелік және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының оқу орындарында мерекелік кешке тыйым салынды

Ал, ASHYQ жобасымен жұмыс істейтін нысандарда салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды 100 орыннан артық емес және 50%-дық толымдылықпен өткізуге рұқсат беріледі.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов жаңа жыл қарсаңында облыс көлемінде карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін айтты.

«Нысандарда қатаң маскалық және дезинфекциялық режимді қамтамасыз етіп, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болуын қадағалау керек. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Тек жекеленген сыныптар мен топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі. Бірақ ата-аналардың қатысуына тыйым салынады», деді Нұрбек Садықбекұлы.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы 329 бала мектепте коронавирус инфекциясын жұқтырған.



 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше