Оқиға • 24 Желтоқсан, 2021

Елордадағы АШМ ғимараты Ресей университетіне берілді

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты М.В Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің пайдалануына тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы АШМ ғимараты Ресей университетіне берілді
 Бұл  жаңалықты ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 20 жылдық мерейтойында хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел үкіметі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына жалпы ауданы 13 мың шаршы метр болатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15 қабатты кеңсесін беру туралы шешім қабылдады. Бұл бізге ресейлік әріптестермен бірге басымдыққа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», деді ол өз сөзінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің орналасатын орны да белгілі болды. Енді ведомство елорданың сол жағалауына көшетін болды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10