Оқиға • 23 Желтоқсан, 2021

Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облыстық соты аталған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алуға санкция берді. Енді ол сотқа дейін 2 ай тергеу изоляторында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

Атырау облысының прокуратурасы тергеу сотының шешіміне қатысты облыстық сотқа шағым түсіріп, сот шағымды қанағаттандырды.

Бақытгүл Хаменова үй қамағынан шығарылып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Б.Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берген болатын. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергелуде.